Ссылки доступа

Тәжікстанның 1300-ден астам азаматы Украинадан Польшаға өтіп кетті 


Украинадан Польшаға 1178, Молдоваға 138 тәжікстандық шығып кетті. Бұл туралы 5 наурызда Тәжікстанның Киевтегі елшісі Давлатали Назризода хабарлады. 

Тәжікстан билігі осыған дейін Украинадағы азаматтары қашан және қандай жолмен еліне жеткізетіні туралы ешқандай мәлімет берген емес. Өз кезегінде тәжікстандықтар үкіметті олар үшін арнайы эвакуациялық рейстер ұйымдастыруға шақырып келген.

Польшада тұратын тәжік азаматтары жүздеген отандасына азық-түлік пен уақытша баспанамен қамтамасыз етуге көмектесіп жатқанын жеткізді. "Біз Тәжікстанның 667 азаматына көмек бердік. Олардың 118 кішкентай бала және жасөспірім бар. Польшадатакси жүргізетін тәжік азаматтары оларды тегін тасыды", - деді Польшадағы тәжікстандықтар құрған Саяси тұтқындарды қорғау комитетінің мүшесі Саидисхок Бобоев.

Тәжікстанның Дилафруз атты 35 жастағы азаматы Украинаның Херсон қаласынан Польшаға қашып барған. Ол бірнеше күннен бері Польшадағы таныстарының үйінде жатыр.

"Украинада мен кондитерлік цехта жұмыс істеп, Тәжікстандағы отбасыма көмектесіп жүрген едім. Енді Польшада қалып жұмыс істеуді ойлап жүрмін", - деді ол.

Ресми мәліметке сәйкес, Ресей Украинаға шабуыл жасағанға дейін Тәжікстанның 4 мың азаматы консулдық тіркеуде тұрған.

XS
SM
MD
LG