Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуф Кобулжановтың айтуынша, эвакуацияланғандар арасында 109 әйел, 57 бала және 12 нәресте бар.
28 ақпаннан бастап Ташкент Өзбекстанның 4 359 азаматын соғыс ошағынан алып шығу үшін 19 әуе рейсін ұйымдастырды.
СІМ өкілінің хабарлауынша, 7 наурызда Өзбекстанға тағы бір рейс ұшып келеді. Польшада 350-ден астам өзбекстандық қалды.