Ссылки доступа

Ресей банктеріне қолма-қол валюта сатуға тыйым салынды 


Ресей Орталық банкі Батыс елдерінің санкцияларына байланысты жаңа ереже енгізді. 

Банктерге азаматтарға қолма-қол валюта сатуға тыйым салды. Азаматтар есеп-шоттарынан 10 мың долларға дейін ғана ала алады.

Бұл шектеу мерзімі әзірге 9 наурыздан 9 қыркүйекке дейін делінген.

Орталық банк мәліметінше, тұтынушылардың есеп-шоттарындағы ақша сақталады. Тек беруге ғана шектеу қойылған. "Банктер шектеу енгізілген мерзімге дейін азаматтарға қолма-қол ақша сатпайды", - делінген хабарламада. Ал валютаны рубльге кез-келген уақытта айырбастауға болады.

Сейсенбі күні АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция салды. Атап айтқанда, мұнай импортына тыйым салды. Сол күні ірі корпорациялар Ресейдегі жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG