Ссылки доступа

Қырғыз парламенті Құмтөр кеніші бойынша мәселені талқылайды 


9 наурызда Жогорку Кеңеш Құмтөрдегі алтын кеніне қатысты мәселені талқылайды.

Қырғыз президентінің парламенттегі өкілі Алмасбек Абытовтың сұрауы бойынша, бұл мәселе жабық есік жағдайында қаралады.

Құмтөр – Қырғызстандағы алтын өндіретін ең ірі кен. Жылына шамамен 15-17 тонна алтын өндіреді. Бұл кеннің алтынын өндірумен канадалық Centerra Gold Inc компаниясы еншілес "Кумтор Голд Компани" кәсіпорны арқылы басқарып келген. Қырғызстанның Құмтөрдегі үлесі 26 пайыз болған.

Бірақ 2021 жылы қырғыз үкіметі кенге сырттай бақылау енгізді. Бұған қарсы канадалық компания Қырғызстан үкіметін халықаралық сотқа берді.

Қырғызстан билігі әзірге бұл іс жайлы нақты мәліметті ашық таратпай отыр. Тек ақпан айында үкімет бейбіт келісімге келдік деп мәлімдеген. Бірақ сарапшылар канадалық компания қырғыз билігінен 660 млн доллар экологиялық шағымынан бас тартқан кезде ғана, бейбіт келісімге келеміз дегенін айтады.

XS
SM
MD
LG