БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет кеңестің 7 наурызда өткен 49 сессиясында тәжік оппозициясының басым бөлігі халықаралық талаптарға сәйкес келмейтін сот шешімдері бойынша ұзақ мерзімге түрме жазасына кесілді деді.
Тәжікстан билігі Бачелет мәлімдемесіне қатысты пікір білдірмеді. Бірақ осыған дейін де саяси оппоненттерінің қамалғанын теріске шығарып, сот үкімдері әділетті өтті деп келген.
"Мен Таулы-Бадахшан облысында интернеттің өшірілгеніне өкініш білдіремін. Мұндай жағдай адам құқықтарының бұзылуына әкеледі", -деді Бачелет.
Хорог және оған жақын аймақ тұрғындары былтыр қарашадан бері интернетке қосыла алмай алған. Тәжікстанның Байланыс қызметі себебі түсіндірмей келеді.
Былтыр қараша айында Таулы-Бадахшан автоном облысына қарасты Рошткалин ауданының тұрғыны Гулбиддин Зиёбеков арнайы операция кезінде өлтірілгеннен кейін халық көтерілген.
Әскери прокуратура өкілдері қараша оқиғасын әлі тергеп жатқанын айтады. Бірақ интернеттің әлі күнге дейін болмауы, белсенділерге қысым көрсетілуі, соңғы кезде әскер санының көбеюі, тағы да бүлікке алып келеде ме деген қауіп туғызып отыр тұрғындар арасында.