Ссылки доступа

Тәжікстанда доллар бірден қымбаттады 


Тәжікстанда ұлттық валюта бағамы бірден құлдырады. Осы аптада ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 13 сомониге, 1 еуро 14,19 сомониге өсті.  

9 наурызда Тәжікстанның Ұлттық банкі валюталардың жаңа бағамын жариялап 100 АҚШ долларын 1300 сомониге бағалады. Бұл бір күн бұрынғы бағаммен салыстырғанда 170 сомониге көп.

Сарапшылар пікірінше, сомони бағамының түсуіне Батыстың Ресейге қарсы салып жатқан санкциялары әсерін тигізіп жатыр. Қазір тәжік банктері доллар сатуды азайтты.

9 наурызда орыс рубльі де қымбаттап, 99,5 сомони 1000 рубль болған. Бір күн бұрын 1000 рубль 91 сомони болған.

Тәжікстанда доллардың ресми бағамы соңғы рет 2020 жылы қараша айында өзгерген.

XS
SM
MD
LG