Ссылки доступа

Ташкент ресейлік насихат бойынша үн қатпай отыр 


Өзбекстандық белгілі журналист әрі блогер Элдор Асанов президентке үндеу жариялап, өзбек журналистері мен блогерлерін “орыстың пропагандалық жиіркенішті шабуылынан” қорғауға шақырды.  

Асановтың үндеуі “Россия 24” каналындағы “Роберт Францев пен Азия орталығында” деп аталатын хабар берілгеннен кейін жарияланды. Онда өзбек БАҚ-ын Украинадағы соғыста Киевті жақтап отыр деп айыптаған.

Хабар авторы Роберт Францев өзбек президенті Шавкат Мирзиявке үндеу жасап, “ұлтаралық араздықты қоздырған” БАҚ өкілдеріне шара қолдануды талап еткен.

Өзбекстанда ресми басылымдар әлі күнге дейін Украинадағы соғыс жайында хабар таратқан емес. Бірақ бұл тақырыпты көтерген тәуелсіз басылымдар ақпарат және байланыс агенттігінен ескерту алған.

Элдор Асанов үндеуінде Кремль Украинадағы “әскери агрессияны” айыптаған өзбек басылымдарын бақылауға әрекет етіп жатыр дейді.

Ресей Украинаға шабуыл жасаған алғашқы күндері бірқатар блогерлер Өзбекстандағы Кремльді жақтаған телеканалдарды жабуды сұраған. Бірақ ресми билік жауап бермеді.

XS
SM
MD
LG