Ссылки доступа

"Аэрофлот" келесі аптадан бастап Қырғызстанға қайта ұшады   


Ресейдің "Аэрофлот" компаниясы келесі аптадан бастап Қырғызстанға қайта ұша бастайды. Осылай деп Қырғызстанның көлік министрінің орынбасары Таабалды Тиллаев хабарлады.

"Қазір Ресейге жолаушылар қатынасы тек ұшақ арқылы жүріп жатыр. Қазақстан келісімін берді. Ресеймен келіссөз жүріп жатыр. Келесі аптадан бастап "Аэрофлот" рейсін қайта ұшыратын болды", - деді Таабалды Тиллаев.

"Аэрофлот" компаниясы бұл жөнінде әзірге ешқандай мәлімет бермеді.

Ресейлік "Аэрофлот", "Победа" әуе компаниялары 8 наурыздан бастап Беларусьтан өзге аймақтарға рейсін тоқтатқан. Осыған дейін S7 Airlines пен Smartavia рейстерін уақытша тоқтатқан. Ресейдегі қырғыз мигранттары ұшақ билеттерінің күрт қымбаттап кеткенін, еліне қайта алмай жатқанын айтады.

Пандемиядан кейін Ресейден Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға қатынайтын пойыздар тоқтап қалған. Ақпан айының соңында Қазақстан тарабы пойыз қатынасын қалпына келтіруге рұқсат берген. Бірақ Ресей тарабы әлі жауап бермеген.

XS
SM
MD
LG