Ссылки доступа

Cotton Campaign өзбек мақтасына жарияланған бойкоттан бас тартты


Cotton Campaign коалициясы он үш жыл бұрын өзбек мақтасына жарияланған бойкот аяқталғанын жариялады.

Ұйым сайтындағы мәліметке қарағанда, мұндай шешім "Адам құқықтары жөніндегі өзбек форумы" есебінің қорытындысына сай қабылданған. Есепте 2021 жылы мақта жинау науқаны кезінде мәжбүрлі еңбекті қолдану сирек кездескені айтылған.

Еске салайық, 2009 жылы Өзбекстандағы мақта алқаптарында бала еңбегі мен мәжбүрлі еңбекке қарсы болған Cotton Campaign альянсы әлемдік қауымдастықты өзбек мақтасына бойкот жариялауға шақырған.

Сол кезде әлемдегі ірі 331 бренд коалиция бастамасын қолдаған. Олардың арасында Adidas, Zara, C&A, Gap Inc., H&M, Levi Strauss & Co., Tesco және Walmart секілді танымал брендтер де болды.

XS
SM
MD
LG