Ссылки доступа

Өзбекстанда 1 АҚШ доллары 11 000 сумнан сатылып жатыр 


Өзбекстанның бірқатар коммерциялық банктерінде 1 АҚШ доллары 11 000 сумнан сатылып жатыр. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады. 

11 наурызда "Хамкорбанкте" 1 АҚШ доллары 11 000 сумнан сатылса, "Davrbank", "Ipak yo‘li bank" және "Микрокредитбанк" 11 010 сумнан сатып жатыр.

Осыған дейін сарапшылар Мәскеуге салынып жатқан санкциялардан кейін рубль құнының түсуі Орталық Азия елдеріне әсер ететінін айтқан.

Өзбекстанның Орталық банкі 11 наурызда 1 АҚШ доллары 10957,36 сумға теңеген.

XS
SM
MD
LG