Ссылки доступа

Тәжікстанның Ұлттық банкі доллардың қымбаттауы бойынша пікір білдірді 


Тәжікстанның Ұлттық банкі доллардың қымбаттап, сомонидің құнсыздануына байланысты түсініктеме берді. 

Мекеме мәліметінше, доллардың өсуіне АҚШ валютасына деген сұраныстың өсуі, ақша аударылымының азаюы сияқты себептер бар.

Елдің бас қаржы мекемесі базарға қосымша долларды шығаруды ретке келтіруге әрекет етіп жатқанын жеткізді.

9 наурызда Тәжікстанда АҚШ валютасының бағамы бірден өсіп, 100 доллар 1300 сомониге жеткен.

Осыған дейін банк саласы бойынша сарапшы Зулфикор Азиз "егер банк резервтерді толық пайдаланса, олар үш-төрт айға ғана жететінін айтқан.

Сарапшылар тәжік экономикасы сыртқы нарыққа тәуелді екенін, әлемдегі дағдарыстар ел жағдайына кері әсер етеді деген.

XS
SM
MD
LG