Ссылки доступа

Қырғызстанда дағдарысқа қарсы комитет құрылды 


Қырғызстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеуге байланысты дағдарысқа қарсы комитет құрылды. Бұл туралы министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақпаратқа қарағанда, мұндай шешім президент былтыр қазанда қол қойған "2026 жылға дейін Қырғыз Республикасын дамытудың ұлттық бағдарламасын бекіту жөніндегі" жарлықты іске асыру мақсатында қабылданды. Оның негізгі мақсаты – өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізетін, оның ішінде әлемде болып жатқан жағдайға байланысты дағдарысқа қарсы тұру.

Жаңадан құрылған комитетті елдің премьер-министрі Ақылбек Жапаров басқарады.

10 наурызда орыс үкіметі ЕАЭО-ға мүше елдерге отандық өнімдерін, оның ішінде азық-түлікті экспорттауға, 31 тамызға дейін тыйым салған.

XS
SM
MD
LG