Ссылки доступа

Қазақстан Украинаға алғашқы ресми гуманитарлық көмегін жолдады


Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 28 тонна дәрі-дәрмек жолдады. Бұл - Қазақстан үкіметінің Украинаға алғашқы гуманитарлық көмегі. Бұның алдында Қазақстан тұрғындары жинаған көмек Украинаға жөнелтілген.

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Украинаға арналған гуманитарлық көмек тиелген алғашқы борт 14 наурызда таңертең ұшып шықты. Гуманитарлық көмектің жалпы салма5ы 28,2 тонна болды.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 15 наурызда Алматы әуежайынан екінші гуманитарлық көмек тиелген рейс Украинаға бет алады.

Қазақстан үкіметі жолдаған гуманитарлық жүк әуелі Польшаның Катовице қаласына жеткізіледі, одан әрі қарай Украинаға жол тартады.

11 наурықда Қазақстаннан Украинаға 40 тонна жүк тиелген екі жүк көлігі аттанған.

XS
SM
MD
LG