Ссылки доступа

Тоқаев елден 10 мың $ ақша және алтын құймаларын шығаруға тыйым салды


Generic -- Dollars sign
Generic -- Dollars sign

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елден 10 мың доллардан аса қағаз ақша алып шығуға тыйым салды. Тоқаев қаулыға 14 наурызда қол қойды.

Бұған қоса, Тоқаев Ұлттық банк шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған "ALTYN BARYS" және күмістен жасалған "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды елден әкетуге де шектеу қойды.

Қазақстан президенті бұл қаулысын "Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау және елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында" деп түсіндірді.

Ресей Украина соғыс ашып, Батыс елдері Мәскеуге санкция салған соң бұл Қазақстанға да әсер етіп, теңге құнсызданып кетті. Бірнеше күн ақша айырбастау пунктерінде доллар сатылмады. Қазір бір доллар 515 теңгеден сатылып жатыр. Елде доллар тапшылығы да сезіле бастағаны айтылған.

Бұдан бөлек, АҚШ Ресейге доллар купюраларын жеткізуге де тыйым салды. Сарапшылар Қазақстанға доллардың бір бөлігі Ресей арқылы келетіндіктен бұл Қазақстан нарығына да әсер етеді деген еді.

Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Ломтадзе Қазақстанда доллар тапшылығы уақытша жағдай деп отыр.

"Ресейге салынған санкциялардың салдарынан долларды үйреншікті жолмен жеткізу қиындады. Ұлттық банк жеткізу ұйымдарымен долларды жақын күндері АҚШ-тан тікелей әкелу жағын қарастырып жатыр. Бұл уақытша тапшылық қағаз купюраларға қатысты. Доллармен қолма-қол емес төлемдерге шектеу жоқ" деп жазды ол.

XS
SM
MD
LG