Ссылки доступа

Душанбеде ережесіз жекпе-жек шеберіне қарсы сот отырысы жалғасып жатыр


Чоршанбе Чоршанбиев
Чоршанбе Чоршанбиев

Тәжікстанның әділет министрлігінің тергеу абақтысында балуан әрі блогер Чоршанбе Чоршанбиевке қатысты сот отырысы жалғасты. Сот отырысы ашық болғанына қарамастан, тәуелсіз ақпарат құралдары жіберілмеді.  

Чоршанбе Чоршанбиев интернет арқылы жария түрде конституциялық құрылымды өзгертуге шақырды деп айыпталып жатыр. Айыпталушының өзі мен туыстары мұны теріске шығарады.

Былтыр қараша айының соңында Таулы Бадахшан өңірінде халық көтерілген кезде балуан оларды қолдап видео үндеу таратқан. 25 қарашада Хорогта 29 жастағы Гулбиддин Зиебек полиция қолынан қаза тапты. Бадақшандықтар осы оқиғадан кейін көтерілген.

"Мен саясаткер де, оппозиционер де емеспін, мен — адаммын. Бірақ мен әділетсіздікке қарап тұра алмаймын. Мен әлемге, тәжік халқына үндеу жасаймын. Біз қаншалықты шыдай береміз? Әділетсіздікке қарсы көтерілуіміз керек",- деген еді Чоршанбиев.

Осы мәлімдемесінен кейін көп өтпей Ресейде тұратын Чоршанбе Чоршанбиев ұсталып, Тәжікстанға депортацияланды.

Балуанға қатысты келесі сот отырысы 18 наурызға белгіленді.

XS
SM
MD
LG