Ссылки доступа

Қырғызстанда "Мегаком" компаниясының бұрынғы басшысы Ақылбек Жамангулов екі айға қамалды 


"Мегаком" компаниясының бұрынғы директоры Ақылбек Жамангулов 12 мамырға дейін қамауға алынды. Мұндай шешімді Бішкек қаласы Бірінші май аудандық соты шығарды.  

Күдіктінің адвокаты Қанат Хасановтың сөзінше, Ақылбек Жамангуловқа Оңтүстік Корея азаматтарымен қаржылық келісім жасаған деген айып таққан.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, "Мегакомның" бұрынғы басшысы оңтүстіккореялық инвесторлардан пара алған деген күдікке ілінген.

Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты Ақылбек Жамангулов "Альфа Телеком" («Мегаком» бренді) компаниясын 2018 жылдың қазан айынан бері басқарып келген.

XS
SM
MD
LG