Ссылки доступа

Сердар Бердімұхамедов - Түркіменстан президенті


Источники Азатлыка сообщали о подмене бюллетеней в пользу Сердара Бердымухамедова

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхамедовтың ұлы Сердар Бердімұхамедов президент сайлауында 72,97 пайыз дауыс алып, Түркіменстан президенті болып сайланды. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен редациясы хабарлады.

Бүгін, 15 наурызда Түркіменстан Орталық сайлау комиссиясы мерізімінен бұрын өткен президент сайлауының қорытындысын жариялады. Қорытындыда Сердар Бердімұхаммедовтің 72,97 дауыспен бәсекелестерінен озғаны көрсетілген.

Мерзімінен бұрын өткен президент сайлауына Сердар Бердімұхамедовтен өзге 8 кандидат түскен. Екінші орын алған Қыдыр Нұннаев 11,09 пайыз дауыс алған. Мары уәлаяты әкімінің орынбасары Аағажан Бекмұрадовқа 7,22 пайыз дауыс берілген. Қалған 6 кандидат небәрі екі пайызға дейін дауыс жинаған. Тәуелсіз сарапшылар балама кандидаттар сырт көз үшін ғана ұсынылғанын айтады.

Азаттықтың Түркімен редакциясы бұған дейін дауыстың біраз бөлігі билік күтпеген кандидатқа беріліп, соған байланысты уәлаяттардың бірінің әкімшілігі "сайлау учаскесі бюллетендерді "керек адамға" ыңғайламаса қабылдамаймыз" деп бас тартып отырғанын хабарлаған. Осыдан кейін сайлау учаскесі бюлллетендердегі мәліметтерді жаппай бұрмалауға кіріскен.

Түркіменстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы шешім биыл ақпан айында қабылданған. Бұл шешімге не себеп түрткі болғаны белгісіз, алайда қазіргі президент Гурбангұлы Бердімұхамедов оны "мемлекет басқару ісін жастар беру" деп түсіндірген.

12 наурызда жаппай заң бұзумен өткізілген сайлау Түркіменстанның жаңа тарихында тез арада, жылдам өткізілген алғашқы сайлау болып қалды.

Бақылаушылар бұл сайлауды билікті әкеден балаға өткізу процесі деп санайды.

40 жастағы Сердар Бердімұхамедов саясатқа 2016 жылғы қарашада араласа бастады. Алдымен парламенттегі бос орынға өтіп, депутат болды. Сосын сыртқы істер министрлігі ақпарат департаментінің басшысы болды.

2018 жылғы мамырда сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Содан бері жылына бірнеше рет жаңа қызметке отырып, саяси лауазымы өсе берді.

2019 жылғы қаңтарда Сердар Бердімұхамедов Ахал уәлаяты әкімінің орынбасары, алты айдан соң әкім болып тағайындалды.

2020 жылғы ақпанда өнеркәсіп министрі болды. Бір жылдан соң министрлер кабинеті төрағасының орынбасары қызметіне келді. Түркіменстанда премьер-министр лауазымы болмағандықтан, бұл маңызды қызметтердің бірі саналады. Министрлер кабинетін президент Гурбангулы Бердімұхамедов басқарады. Яғни, осы қызметтің арқасында Сердар Бердімұхамедов Түркіменстандағы екінші адамға айналды.

Сердар Бердімұхамедовтің өзі 2006 жылы желтоқсанда Түркіменстанның алғашқы презизенті Сапармұрат Ниязов қайтыс болған соң билікке келген. Содан бері бірнеше рет президент болып "сайланып", Түркіменстанда диктаторлық режим орнатқан еді.

XS
SM
MD
LG