Ссылки доступа

Тәжікстанда тұрғындар шағымынан кейін шенеунік туысы қызметінен алынды 


Хасан Иброхимзода
Хасан Иброхимзода

Тәжікстанда тұрғындардың шағымынан кейін елдің көлік министрі Азим Иброхимнің туған бауыры Хасан Иброхимзода Балжуван ауданы әкімі орынбасары қызметінен алынды.

Озоди радиосы жергілікті әкімдіктегі бұлағына сүйеніп, Иброхимзода президент Эмомали Рахмонның бұйрығымен жұмыстан шеттетілгенін хабарлады.

Осыған дейін Балжуван ауданы тұрғындары Хасан Иброхимзоданың шешімдері бойынша бірнеше рет шағымданған. Солардың бірі Саидмумин Давронов әкім орынбасарының шешімімен өзінің екі гектар жерін заңсыз тартып алғанын мәлімдеген.

Аталған аймақта жерді заңсыз тартып алу шағымы көп тіркеледі. Биыл ақпан айында Хатлон облысы әкімі Курбон Хакимзода 2021 жылы аймақтағы қала және аудан басшыларының 400 шешімі жойылғанын жеткізген. Олардың 80 пайызы жер теліміне байланысты шешімдер болған.

XS
SM
MD
LG