Ссылки доступа

Өзбекстанда Оксана Чусовитинаның гимнастика мектебі ашылады 


Өзбекстанда Оксана Чусовитинаның спорттық гимнастика бойынша шеберлік мектебі ашылады. Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзияев 14 наурызда қол қойды. 

Құжатқа сәйкес, мектеп спорт министрлігіне қарайды. Мақсаты – талантты спортшыларды дайындау және Олимпиада ойындары мен жергілікті байқау жетістіктерін насихаттау.

Гимнастика мектебі мемлекеттік спорттық білім беру мекемесі болып есептеледі. Мектеп биыл күзде ашылады. 1-11 сыныптарға оқушыларды қабылдайды.

Президент 1 тамызға дейін заманауи гимнастика мектебін құруды тапсырған.

Оксана Чусовитина — жеті рет Олимпиада ойындарына қатысқан әлемдегі жалғыз гимнаст.

XS
SM
MD
LG