Ссылки доступа

Сот Шайырбек Ташиевтің ісін қысқартқаны белгілі болды


Жалал-Абад қалалық соты Жогорку Кеңеш депутаттары Шайырбек Ташиевке, Жеңишбек Токторбаевқа және тағы екі адамға қозғалған қылмыстық істі қысқартты. Соттың тиісті шешімі биыл 21 ақпанда шыққаны 15 наурызда белгілі болды. Бұл ақпаратты Жалал-Абад қалалық сотының баспасөз қызметі растады

Оларға 2013 жылы ескі Қылмыстық кодекстің "Билікті күшпен тартып алу және билік өкілдерін күшпен қамап ұстау" және "Конституциялық құрылымды күшпен өзгерту" деген баптар бойынша айып тағылған.

Мемлекеттік айыптаушы олардың ісін қысқарту бойынша өтініш берген, сот оны қанағаттандырған.

Жогорку сот 2021 жылдың 24 мамырында Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиевтің інісі Шайырбек Ташиев, өкіл баласы Абсаттар Сырғабаев, жерлесі Жеңишбек Токторбаев және Медербек Үсенов бойынша бұрынғы үкімдерді жойып, істі қайта қарау үшін Жалал-Абад қалалық сотына жіберген.

2013 жылы Садыр Жапаров, Камчыбек Ташиев және Талант Мамытовтар қамалған кезде, олардың жерлестері митингке шыққан. Көтерілген халық Бішкек – Ош тас жолын жауып, әкімшілік ғимаратты басып алған оқиғалар болған.

Абсаттар Сыргабаев 2020 жылдың қазан айынан бері президенттің Жалал-Абад облысындағы арнайы өкілі болып жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG