Ссылки доступа

Ресей Еуропа кеңесінен шығарылды


Еуропа кеңесі министрлер комитеті Ресейді ұйым қатарынан шығарды. Шешім күшіне енді. 

Ресейді бұл кеңестен шығаруды Еуропа кеңесі парламент ассамблеясы ұсынған болатын.

Бұдан бөлек 16 наурыздан бастап Ресей адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Конвенцияның да мүшелігінен шықты. Енді бұл ұйым Ресей тараптың 16 наурызға дейінгі шағымдарын ғана қарайды.

Еуропа кеңесі Мәскеудің Украинаға қарсы агрессиясына байланысты мүшеліктен шығарды. Осыдан кейін Ресей СІМ кеңес жұмысына қатыспайтынын мәлімдеді. 15 наурызда Ресей кеңестен шығатынын ескертті.

Ресей Еуропа кеңесіне 1996 жылы мүше болған әрі бұл ұйымнан шыққан бірінші ел болып тарихта қалады.

XS
SM
MD
LG