Ссылки доступа

БҰҰ Халықаралық соты Ресейден Украинаға қарсы соғысты тоқтатуды талап етті


БҰҰ Халықаралық соты бүгін, 16 наурызда "Ресей билігі арнайы операциясын тоқтатуы тиіс" деген қаулы шығарды.

Украина 27 ақпанда Гаагадағы БҰҰ Халықаралық сотына Ресейдің үстінен шағым түсірген. Киев шағымы бойынша сот отырысы 7-8 наурызда өткен.

Кремль Украинаға ашқан соғысын "әскери операция" деп атайды. Ресейде "соғыс" сөзін қолданғандар жауапқа тартылады.

Ресей Украина аумағына президент Владимир Путиннің бұйрығымен 24 ақпанда басып кірді. БҰҰ мәліметінше, осы уақытқа дейін үш миллионға жуық украин босып кеткен.

XS
SM
MD
LG