"Байланыстың жоқтығы тұрғындардың еркін ақпарат алу мүмкіндігін шектеп отыр әрі кәсіп жүргізуге кедергі келтіріп жатыр. Тәжікстан үкіметін халық еркіндігін сыйлауға шақырамыз", - делінген мәлімдемеде.
Өткен аптада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет та Таулы Бадахшанды интернетпен қамтамасыз етуге шақырған. "Бұл адам құқықтарын өрескел бұзу", - деген ол
Хорог пен маңындағы аудандарда былтыр қараша айында халық көтерілгеннен кейін интернет толық өшірілген. Тәжікстанның байланыс қызметі кезінде бұл өңірде техникалық жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп түсіндірген.