Ссылки доступа

Бішкекте акцияға шыққан құқық қорғаушылардың соты кейінге қалды 


Бішкектің Бірінші май аудандық соты 17 наурызда Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі алдында пикет өткізген құқық қорғаушыларға қарсы сот ісі кейінге қалды. Бұл туралы құқық қорғаушылардың бірі Азиза Абдирасулова хабарлады. 

Оған айыпталушылар іспен толық танысып шықпағаны себеп болған. Динара Ошурахунованың ісі 18 наурызда, Азиза Абдирасулова мен Өндүрүш Токтонасыровтың ісі 22 наурызда қаралады. Оларға "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айып тағылған.

Құқық қорғаушылар 17 наурызда Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі алдында акцияға шығып, Украинадағы соғысқа қарсылық білдірген. Оларды милиция әкетіп, тергеуге алған.

24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіргеннен бері бірнеше қалалар талқандалды. Үш милионнан астам адам босқынға айналып, құрбандар санып көбейіп жатыр. Халықаралық ұйымдар Мәскеудің әрекетін айыптап, қатаң санкциялар салып жатыр.

XS
SM
MD
LG