Ссылки доступа

Ресейлік S7 әуе компаниясы Тәжікстан бағытындағы рейстерінің бірқатарын қайта ашты


Ресейлік S7 немесе "Сибирь" әуе компаниясы Ресей мен Тәжікстан арасындағы рейстерінің бірқатарын қайта ашты. S7 Airlines 5 наурызда осы бағыттағы рейстерін қысқартқан.

Ондаған жолаушы, олардың дені еңбек мигранты, 2 наурыздан бері ұша алмай жүргенін, компания билет ақысын қайтармағанын айтқан. Тәжікстанның авиабилігі олардың мәселесін шешуге уәде берген.

S7 Airlines өкілдігінің жауапты қызметкерлерінің бірі Журабек Тожибековтің Озоди радиосына хабарлауынша, жақында Душанбе мен Худжанд қалаларынан Новосібірге қатынайтын рейстер ашылады. Әуе компаниясының ресми сайтында S7 Airlines лайнері 20 наурызда Душанбе-Новосібір бағытымен ұшатыны айтылған.

Ресейдегі S7 Airlines ірі жекеменшік әуе компаниясы 5 наурызда халықаралық рейстерін тоқтатты. Еуроодақ санкциялары жарияланған тұста әуе компаниясы ұшақтарды лизинг компаниялары тәркілейді деп сескенген.

Әуе компаниялары билет ақысын қайтармай жатқандықтан, Ресейге ұшқысы келетіндер күрт азайған. 17 наурызда әуе кассаларында кезек болмады.

Тәжікстан мен Ресей арасында автобус пен темір жол қатынасы тоқтап тұр. Сол себепті еңбек мигранттары әуе арқылы қатынауға мәжбүр. Ресейде шамамен бір миллион тәжік мигранты жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG