Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Жарлықта 75 адамның рақымшылыққа іліккені, солардың төртеуі жазаны толық өтегені, 53-і шаршы мерзімге босағаны, екі адамның жазасы жеңілдегені айтылған. Бұған қоса, 16 адамның жазаны өтеу мерзімі қысқарды.
Рақымшылық алғандардың арасында 18 шетел азаматы, 17 әйел, 60-тан асқан 15 ер кісі, алты мүгедек, тыйым салынған ұйымға араласқаны үшін сотталған тоғыз адам бар.
Өзбекстан президенті биыл 31 қаңтарда 63 адамға рақымшылық жасаған.