Ссылки доступа

"Ural Airlines" компаниясының Тәжікстан бағытындағы рейстерінің көбі орындалмады


Душанбе халықаралық әуежайының онлайн-таблосындағы мәліметке сәйкес, "Уральские авиалинии" әуе компаниясының 21 наурызда Ресейден Тәжікстан астанасы жасалуы тиіс алты рейстің біреуі ғана орындалды.

Душанбе әуежайына Мәскеуден шыққан ұшақ қана қонды. Екатеринбург, Челябинск және Мәскеудің "Жуковский" әуежайынан ұшуы тиіс бес рейс жасалмайтын болды.

22 наурызда таңертең "Уральские авиалинии" компаниясы Уфа, Самара, Екатеринбург және Мәскеу қалаларынан Душанбеге төрт рейс жасауы тиіс болған. Бірақ олардың біреуі де орындалған жоқ.

Әуе компаниясының ресми сайтында 22 наурызға жоспарланған бірнеше рейс болмайтыны айтылған. Компанияның ресми өкілдері Тәжікстан бағытындағы рейстердің неге орындалмай жатқанын әзірге түсіндірмеді.

Тәжікстан мен Ресей арасындағы рейстердің көбісін "Уральские авиалинии" орындайды.

Ресейлік әуе компаниялары Батыс елдерінің Мәскеуге қарсы санкцияларынан соң түрлі қиыншылыққа тап болды. Атап айтқанда, 5 наурызда "Сібір" әуе компаниясы Тәжікстан бағытындағы рейстерінің бәрінен бас тартты. Соның салдарынан жүздеген тәжік мигранты Тәжікстан мен Ресейдегі әуежайларда қалып қойды.

XS
SM
MD
LG