Ссылки доступа

Украин әскери техникасының суретін Tiktok'қа жариялаған тиктокшы Украинада ұсталды


Украина қауіпсіздік қызметі әскердің Киевте қалай орналасқаны туралы видеоны интернетке жариялаған тиктокшыны ұстады. Ресей украин күштерінің сауда орталығында екенін осы видеодан білген болуы мүмкін.

20 наурызға қараған түні Киевтің Подольск ауданында орналасқан "Ретровилль" сауда орталығы атқыланып, ғимараттың бірнеше қабаты мен тұрғын үйлер маңындағы автокөліктер өртенді.

Шабуылдан сегіз адам опат болды.

"Мәліметтің жаулар соққы жасау үшін әдейі жарияланған-жарияланбағанын тергеу анықтайды. Азаматтарға өтініш: әскери техниканың қозғалысын, әскери нысандарды және жау соққыларының нәтижесі туралы мәлімет жарияламаңыз! Жаулар бұны тағы да соққы жасау үшін пайдалануы мүмкін", - делінген Украина қауіпсіздік қызметі таратқан мәліметте.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Киевтегі сауда орталығын атқылау нәтижесінде украин армиясының оқты төпелеп ату жүйесі, қару-жарақ қоймасы жойылды.

XS
SM
MD
LG