Ссылки доступа

Жүздеген тәжік азаматтары Ресейге ұша алмай жатыр (видео)


Ural Airlines компаниясының рейстері кешігуіне байланысты Душанбе мен Мәскеу, бұдан бөлек Ресейдің бірнеше қалаларында жүздеген жолаушылар жолынан қалды.

Әуе компания өкілдері бұл жағдайды Батыстың Ресейге енгізген санкцияларының әсерінен деп түсіндірді. "Сибирь" және Ural Airlines компанияларының рейстері екі аптадан бері ұшпай, кейінге қалдырылып келеді.

Хатлон облысының тұрғыны Жамшед Нозимов 19 наурызда Мәскеуге ұшу керек болған. Бірақ әлі ұшпады. Оларды алып кетуі тиіс ұшақ Ресейден ұшып келмеді.

"Үш күннен бері әуежайда түнеп жатырмыз. Рейс ұшпайтын болса, билет ақшасын қайтарып берсін", - дейді ол.

22 наурызда Озоди радиосының тілшісі Душанбе халықаралық әуежайына барып, Ресейге ұша алмай жатқан жолаушылардың көбейгенінің куәсі болған.

Ural Airlines компаниясының Тәжікстандағы өкілі Умеджон Лолаев Еуропада тіркелген ұшақтар санкцияларға байланысты рейстен алынғанын айтты. "Біздің ұшақтар Ресейде тіркеуден өтеді, осыдан кейін кешігу болмайды",- деді Лолаев.

Ural Airlines - Тәжікстан мен Ресей ортасында жолаушы таситын әуе компания.

Десятки таджикских мигрантов застряли в Навруз в аэропорту "Жуковский"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:29 0:00

XS
SM
MD
LG