Ссылки доступа

BBC: Ресейде жүзге жуық полиция өкілі Навальныйды қолдағаны үшін қызметінен алынды 


Ресейде ішкі істер министрлігінің кемінде жүз қызметкері оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға қолдау көрсеткені үшін қызметінен алынған. Бұл жөнінде BBC-дің орыс қызметі хабарлады. 

Басылымның ІІМ-дегі дереккөзі Волгоградта 17, Ярослав облысында 30, Пермьде 22, Томск облысында 30 және Калужск, Воронеж, Свердловск, Тюмен облыстарында 5-15 шақты полиция өкілі саяси көзқарасы үшін қызметінен алынған.

Жұмысынан алынған полиция өкілдерінің бәрі әлеуметтік желілерде Навальныйдың парақшасына жазылған және жобасына қолдау көрсетіп келген. "Қаңтар айына дейін басты себеп жөнінде бәрі үнсіз болды. Не болып жатқанын ешкім білмеді. Олар маған келіп, менің не бүлдіріп қойғанымды сұрады", - деген полиция өкілі.

Басылым мәліметінше, Навальный жобасына қолдау көрсеткен қызметкерлерді арнайы қызмет өкілдері анықтап, олардың тізімін аймақтарға жіберген. Негізгі ақпарат көзі 2021жылдың сәуір айынан бері ашық жарияланып кеткен free.navalny.com сайтының базасы болуы мүмкін.

Былтыр желтоқсан айында "Дождь" телеканалы Алексей Навальный постына лайк басқан 14 полиция қызметкенінің жұмыстан алынғаны туралы хабар таратқан. Сибирь.Реалии басылымы да Ресейдің аймақтарында полиция қызметкерлерін жаппай жұмыстан шығарып жатқанын мәлімдеген.

2021 жылы Ресей билігі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға қатысы бар барлық құрылымдарды экстремистік деп таныған.

Алексей Навальный қазір Владимирск облысындағы түрмеде жазасын өтеп жатыр. Таяуда ғана сот оны алаяқтық үшін және судьяны балағаттағаны үшін тағы да тоғыз жылға соттаған.

XS
SM
MD
LG