Ссылки доступа

Украина прокуратурасы ресейлік журналистер Киселёва мен Скабееваға қарсы қылмыстық іс қозғады 


Украинада ресейлік мемлекеттік телеканалдардың жүргізушілері Ольга Скабеева мен Дмитрий Киселевқа қарсы қылмыстық іс қозғады. 

Олар “Алдын ала сөз байласып, адамдарды Украинаның аймақтық тұтастығын бұзуға шақырып жатыр” деген күдікке ілінді.

Украина бас прокуратурасының мәлімдеуінше, екі ресейлік жүргізушінің үндеуі “ауыр салдарға” алып келген.

Құжатта Скабеева мен Киселев Ресейдің әскери қылмыстарын ақтап келгені айтылған.

"Ресей агрессиясына және Украинаның аймақтық тұтастығы мен егемендігіне қарсы басқа қылмыстарға кінәлілерді жауапкершілікке тарту – оларға халықаралық іздеу жариялау және қайда болмасын активтерін бұғаттап үшін тергеу амалдары жүріп жатыр", - делінген мәлімдемеде.

Скабеева менен Киселев бұл бойынша пікір білдірмеді.

XS
SM
MD
LG