Ссылки доступа

БҰҰ азаптаудан қайтыс болған тәжік азаматының ісін қарауды тоқтатты 


Исмонбой Бобоев

БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша комитеті 12 жылдан кейін азаптаудан қайтыс болған тәжікстандық Исмонбай Бобоевтың ісі бойынша шағымды қарауды тоқтатты. 

Исфара қаласының тұрғыны Исмонбой Бобоев 2010 жылы Соғды облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында қаза болған.

Комитеттің Женевада өткен жиналысында Тәжікстан билігі құқық қорғаушылардың ұсынысын елеусіз қалдырғаны, Бобоевтың туыстары болса жергілікті күш құрылымдарының қуғындауынан қорқып, шағымды қарауды талап етпей қалғаны айтылды.

30 жастағы Исмонбой Бобоев Ресейде тұрып, сол елдің азаматтығын алған. 2010 жылы ол Исфара қаласында әке-шешесін және қызын алып кетуге келген. 19 ақпанда ол экстремистік ұйымға мүше деген күдікпен ұсталған.

Марқұмның әкесі Журабой Бобоев Соғды облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының екі қызметкері – Фирдавс Шокиров пен Манучехр Акбаров ұлын электр тогымен қинап, сабағанын айтып шағымданған.

Соғды облыстық прокуратурасы Исмонбой Бобоевтың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер қамалған. Бірақ милиция қызметкерлері жұмыстан ғана босатылған. Қылмыстық іс сотталушылардың ауруына байланысты тоқтатылған делінген.

XS
SM
MD
LG