Ссылки доступа

Мирзияев үкіметке ішкі нарықтағы бағаны бақылауды тапсырды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 23 наурызда экономика тұрақтылығына арналған жиналыс өткізіп, үкіметке ішкі нарықтағы бағалы бақылауды тапсырды.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкіметке бағаны бақылау ғана емес, азық-түлік импорттайтын кәсіпкерлерге көмектесу тапсырылған.

Жиналыста Мирзияев үкіметтің басты міндеті - инфляцияны түсіру екенін айтты.

"Ішкі валюта нарығындағы жағдайды күнде бақылап, кәсіпкерлер мен тұрғындарға қалыптасқан жағдай, өзгерістер туралы үнемі хабар беріп отыру керек", - делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ташкенттің экономикадағы басты әріптестерінің бірі Ресей әскері Украинаға басып кіргелі бері Өзбекстанға азық-түлік жеткізу жағы қиындады. Республикада баға көтеріліп, ұлттық валюта құнсыздана бастады.

XS
SM
MD
LG