Ссылки доступа

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі "суперкомпьютерлік" желі құрады


Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі жаңа "Еуразиялық ақпарат және есептеу инфрақұрылымы" мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылдады.

Ұйым сайтындағы мәліметке қарағанда, осындай шешім 17 наурызда ЕЭК Кеңесінің жиналысында қабылданды. Жиналысқа Қырғызстан үкімет басшысының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошев төрағалық етті.

"Суперкомпьютер техникалық, экономикалық дамуға қажетті құралға айналды. Әлемде экономикасы ілгері елдер есептейдің ең жылдам түрін жасаудан жарысып жатыр. Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде мұндай азаматтық суперкомпьютерлік инфрақұрылым жоқ", - дейді ЕЭК өкілі Артак Камалян.

Еске салайық, Ресей (ЕАЭО мүшесі) Украинаға басып кіргелі бері танымал брендтер мен ірі технологиялық компаниялар Ресеймен жұмыс істеуден бас тартты. Олардың арасында Gogent, Lumen Tecnologies секілді ірі интернет-провайдерлер бар.

Ресей билігі елдегі 100-ден астам тәуелсіз ақпарат құралдарының сайттарын бұғаттады. Жақында ресейлік сот Meta корпорациясын экстремистік ұйым деп танып, оның Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріне тыйым салды.

Содан кейін Ресей ғаламдық Интернеттен кетіп, жеке интернетіне көшуі мүмкін екені айтыла бастады. Ресей бұған бірнеше жылдан бері дайындалып жүр. 2019 жылғы қарашада Ресейде зайырлы интернет туралы заң күшіне енді.

XS
SM
MD
LG