Ссылки доступа

Сот Next TV телеканалының директорын абақтыда қалдырды 


Бішкек қалалық соты Next TV телеканалының директоры Таалай Дүйшембиевтің бұлтартпас шарасын қарап, Бірінші май аудандық сотының шешімін күшінде қалдырды. 

Бірінші инстанциядағы сот Дүйшембиевті 3 мамырға дейін қамау туралы шешім шығарған.

Таалай Дүйшембиев сот шешімін "саяси бұйрық" деп атады.

3 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті телеканал директорын "ұлтаралық араздықты қоздыру" деген айыппен қозғалған қылмыстық істің негізінде қамауға алған. Тергеу телеканал Украинадағы жағдайға байланысты Қырғызстан Ресейге жәрдем береді деген расталмаған мәліметті жариялады деп есептейді.

Прокуратура Next TV жариялаған мәліметті экстремистік деп тану жөнінде сотқа арызданған.

Медиа қауымдастық телеканал ғимараты жабылып, жетекшісінің қамалуын сөз еркіндігіне жасалып отырған қысым деп баласа, президенттің баспасөз Ербол Сұлтанбаев жалған мәліметтерді таратпау және журналистік этиканы сақтау қажеттігін айтты.

XS
SM
MD
LG