Ссылки доступа

Ресейдің Бішкектегі елшілігі алдындағы митингіге қатысқан адвокат бес тәулікке қамалды


25 наурызда таңертең арнайы жасақ ұстаған заңгер Нұрбек Токтакунов бес тәулікке тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы оның адвокаты Раззак Ашымбаев хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, Токтакуновты ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бас басқармасының қызметкерлері ұстаған.

1-май ауданы милициясының хабарлауынша, 17 наурызда Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі алдында 7-8 адам қатысқан бейбіт митинг өтті. Олардың арасында Нұрбек Токтакунов та болды. "Ол балағат сөздер айтып, сот билігі өкілдерін айыптады. Соған байланысты "ұсақ бұзақылық" бабы негізінде хаттама толтырылды", - деп мәлімдеді аудандық милиция.

24 наурызда Бішкек қаласының 1-май аудандық соты Токтакуновты бұзақылық жасады деп танып, оны бес тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Токтакуновты сот салынан 1-май милициясына жеткізген, кейін босатып жіберген.

Токтакуновқа қатысты іс оның сот кезінде айтқын сыны негізінде қозғалған. Ол ұсталған адам құқықтарын қорғаушыларды жақтаған.

Адам құқықтарын қорғаушылар Ондуруш Токтонасыров, Динара Ошурахунова және Азиза Абдирасулова 17 наурызда Ресейдің Бішкектегі елшілігі алдындағы митингіде ұсталды. Сот оларды бұзақылық жасады деген айыптан ақтағанымен, құқық қорғаушыларға милицияның заңды талабына бағынбады деген айыпен айыппұл салды.

XS
SM
MD
LG