Ссылки доступа

Тәжік заңгері Иззат Амонның ісі бойынша куәгер Украинада "жоғалды"


Иззат Амон. Архивное фото

Тоғыз жылға бас бостандығынан айрылған тәжік адам құқықтарын қорғаушы Иззат Амон өзіне тағылған айыптарға негіз жоқ деп есептейді. Оның туыстары Озоди радиосына осылай деп мәлімдеді.

Иззат Амонға қарсы жаңа қылмыстық іс Бохтар қаласының тұрғыны Нурулло Вохидовтың арызы негізінде қозғалған. Куәгердің айтуынша, Иззат Амон 10 мың доллар қарыз алып, соның 6 мыңын ғана қайтарған.

Адвокат Саидбурхон Шарифов 24 наурызда Озоди радиосына Иззат Амонмен сөйлескенін хабарлады. "Қорғауымдағы азамат қалған 4 мың долларды Нурулло Вохидовтың әйеліне бергенін айтты. Қазір ол Украинада. Ресей Украинаға басып кіргелі бері біз онымен байланысқа шыға алмай отырмыз", - деді адвокат. Оның айтуынша, куәгер Иззат Амонның әйеліне төрт доллар бергенін жоққа шығарып отыр. "Біз оған сенбейміз. Сол себепті әйелімен сөйлескіміз келеді", - деді Саидбурхон Шарифов.

Тәжікстан ІІМ Тергеу басқармасындағы дереккөз 7 наурызда Озоди радиосына Иззат Амонға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Іс "аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деген күдікпен ашылған.

Иззат Амонның адовкаты рақымшылық туралы өтініш берген, бірақ жаңа іс ашылғандықтан оның арызы қараусыз қалған.

Иззат Амонның туыстары жаңа іс қолдан жасалған деп есептейді. Сотталушы бұған дейінгі арызданушыға 232 сомони төлеген уақытта Нурулло Вохидов милицияға арызданып барған.

"2007 жылы Нурулло ұлыммен бірге колонияда отырды. Иззатқа құжаттар туырлап, Тәжікстанға оралу үшін ақша қажет болды. Оның бір бөлігін - 10 мың долларды Вохидовтың туыстары берген. Ұлым қарызды 2010 жылы қайтарды: Вохидовтың Тәжікстандағы туыстарына 6 мың доллардың "Мерседес" автокөлігін, ал Мәскеуде тұратын әйеліне 4 мың доллар берді. Сол кезде бұл мәселе жабылған", - дейді Иззат Амонның анасы Ашурбиби Холова.

2021 жылғы 19 қазанда Душанбедегі сот адам құқықтарын қорғаушы, "Тоджикон" орталығының жетекшісі Иззат Амонды тоғыз жылға соттады. Мигранттардың құқықтарын қорғаушыны Ресейден Тәжікстанға 2021 жылғы наурыздың аяғында жер аударды. Отанында оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды.

48 жастағы Иззат Амон тәжік үкіметін талай мәрте айыптаған. Оның ұйымы мигранттарға заң жағынан, сонымен бірге қаржылай көмек берген.

XS
SM
MD
LG