Ссылки доступа

Түркия президенті Өзбекстанға екі күндік сапармен барады  


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 29-30 наурызда Өзбекстанға ресми сапармен барады.  

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ердоған Ташкентке Шавкат Мирзияевтің шақыруымен келе жатыр.

"Сапар барысында жоғары мәртебелі қонақ өзбек-түрік Стратегиялық әріптестік кеңесінің екінші отырысына қатысады", - делінген хабарламада.

Екі ел президенті достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, әріптестіктің барлық саласын кеңейту бойынша келіссөз жүргізбек. Бірлескен жобаларға басымдық бермек және халықаралық және аймақтық жағдайлар бойынша пікір алмасып, екіжақты құжатқа қол қойылмақ.

XS
SM
MD
LG