Ссылки доступа

Тажикстанда қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал кезінде зардап шеккен үйлер әлі жөнделмеген  


Тәжікстан билігі биыл 28 қаңтарға қараған түні қырғыз-тәжік шекарасында болған жанжалда Исфара ауданында бұзылған үйлер әлі қалпына келтірілмеді. Бұл туралы Озоди радиосы жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап хабарлады.  

Тәжік билігінің ресми мәліметіне қарағанда, жанжал кезінде 52 үй толығымен және жарым-жартылай бұзылған. Осыған дейін Исфара аудандық әкімдігі шығын көлемі 133 мың доллар шамасында деген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұзылған үйлерде жалпы 240 адам тұрған.

"Билік үйлер жөндеуден өтеді деп бірнеше рет айтты. Бірақ құр сөз күйінде қалып жатыр. Ешқандай көмек берілмеді, үйімізді тезірек жөндеп берсе екен”, - деді Сурх ауылының тұрғыны Ваххоб Худабоев.

Исфара ауданындағы Сомониён ауылының тұрғындары жанжал кезінде жалғыз медициналық пункт те жартылай бұзылғанын, бүгінгі күнге дейін қалпына келтірілмегенін айтады.

Биыл 28 қаңтарға қараған түні Баткендегі қырғыз-тәжік шекарасында жанжал шығып, оқ атылған. Қырғызстанның 12 азаматы жараланса, екі тәжік азаматы қаза тауып, оны жаралаған.

Қырғыз-тәжік шекарасының қашықтығы 970 шақырым, оның 519 км-ы ғана бекітілген. Соңғы мәліметтер сәйкес, 81 шақырым бойынша келісімге келген.

XS
SM
MD
LG