Ссылки доступа

Адвокат қамаудағы журналистің денсаулығы нашарлап кеткенін айтты 


Қамаудағы қырғыз журналисі Куттумидин Базаркуловтың қан қысымы көтеріліп, жүрегі ауырып жатқанын оның адвокаты Шадыбек Сопубековмәлімдеді. Оның сөзінше, 24 наурызда жедел жәрдем шақыртылған. 

“Мен кіріп, хабар алып шықтым. Ол расында ауырып жатқанын айтты. Қазір оның тергеу ісі аяқталып, сотқа жіберілген. Енді уақыты белгіленсе, сот болады. Журналистің үйқамаққа шығару жөніндегі өтініші қанағаттандырылмай келеді. Енді облыстық сотқа арызданам", - деді адвокат.

Жалал-Абад облыстық телерадио компаниясының (ЖТР) бұрынғы басшысы Куттумидин Базаркулов төрт айдан бері абақтыда жатыр. Ол былтыр қараша айында арнайы қызмет тарапынан ұсталған.

Журналист "Қызметін асыра пайдалану" бабы бойынша айыпталып жатыр. Ол былтыр қаңтар айында өткен президент сайлауына үміткер ретінде өтініш беріп, кейін қайта өтінішін қайтарып алған. Ол қазіргі билікті ашық сынап жүрген журналистердің бірі.

XS
SM
MD
LG