Ақпаратқа қарағанда, бұдан әрі қыз-келіншектер ойын-сауық орталықтарына жексенбіден сейсенбіге дейін ғана бара алады. Ал ер адамдарға сәрсенбіден сенбіге дейін ашық болады.
23 наурызда тәліптер 6 сыныптан жоғары оқушы қыздарға мектепке баруға тыйым салатын шешім қабылдады. Нәтижесінде Ауғанстанда бір миллионнан астам қыз мектепке бара алмай қалған. Бұған қарсы Кабулда мұғалімдер мен оқушылар және әйелдердің құқығын қорғау үшін белсенділер митингке шыққан.