Ссылки доступа

Тәжікстанда министрдің туысын жұмыстан алуына себепші болған бағбан қамалды 


Садовод Саидмумин Давронов
Садовод Саидмумин Давронов

Тәжікстанның Хатлон облысына қарасты Балжуван ауданында жергілікті бағбан Саидмумин Давронов қамалды. Наурыз айының басында оның шағымынан кейін көлік министрінің туысы, аудан басшысының орынбасары Хасан Иброхимзода қызметінен алынған.

Қамалған бағбанның жұбайы Фариштамо Каримованың сөзінше, жұбайы 25 наурызда аудандық милиция бөліміне шақырылып, заңсыз жер сату айыбымен қамауға алынған. Кейін 28 наурызда ұлын да тергеуге шақыртқан.

Балжуван аудандық ішкі істер басқармасының жетекшісі Хабиб Жумазода "Давронов жер телімдеріне байланысты заңсыз әрекеттері үшін тергеліп жатқанын, ұлы қамауға алынбағанын" жеткізді.

Осыған дейін Саидмумин Давронов әкімнің орынбасары Хасан Иброхимзоданың шешімімен өзінің екі гектар жерін заңсыз тартып алғанын айтып шағымданған.

"Біз ол жерге 5 мың түп жеміс ағашын отырғыздық. Бірақ Хасан Иброхимзода жерді басқа адамға беруге бұйрық шығарды. Белгісіз біреулер талдарды кесіп тастапты" – деген ол.

Давроновтың және басқа да адамдардың шағымынан кейін былтыр жылдың соңында Иброхимзода қызметінен босатылған.

XS
SM
MD
LG