Ссылки доступа

Президенттің баспасөз хатшысы "Хабар агенттігінің" басқарма төрағасы болып тағайындалды


Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекеттік "Хабар агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бұл жөнінде 24.kz сайты хабарлады. Жаңа тағайындау жайлы басқа мәлімет айтылмайды.

45 жастағы Берік Уәли 2019 жылы наурызда елді 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетіп, орнына Қасым-Жомарт Тоқаевты қалдырған кезде президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалған. Оған дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды. Әр жылдары түрлі министрліктер мен әкімдіктерде түрлі қызмет атқарған. 31-арна, НТК, "Таң" және өзге де ақпарат құралдарында істеген.

XS
SM
MD
LG