Ссылки доступа

Ресей Киевте "белсенділігін" бәсеңдеткенін мәлімдеді 


Киев облысындағы Ирпень
Киев облысындағы Ирпень

Ресей армиясы Киев және Чернигов қалаларында “әскери белсенділігін бірден қысқарту” туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы 29 наурызда ТАСС агенттігі Ресейдің қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фоминге сілтеме жасап хабарлады. 

Әскери белсенділікті қысқарту жөнінде мәлімдеме Стамбұлдағы кездесуден кейін айтылды. Фомин – орыс делегациясының мүшесі. Ресей тараптың өкілі Владимир Мединский жағдайды деэскалациялау үшін Мәскеу “екі қадам жасап жатқанын” жеткізді.

Осының алдында Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу таратқан мәлімдемеде Украинадағы әскери операцияның негізгі мақсаттары іске асқанын мәлімдеп, енді Донецкпен Луганск облыстарын азат етуге күш салатынын атап өткен.

29 наурызға қарай Мәскеу Донбасста ғана әскери белсенділігін күшейтті. Мариуполь қаласына да шабуылын тоқтатпады. Соғысқа дейін қалада 430 мың адам тұрған.

Қазір Ресей Украина шығысындағы Мариуполь қаласын қоршауға алған. Әскери сарапшылар Ресей Мариупольді басып алу арқылы Қырым мен жікшіл "ДХР" мен "ЛХР" сепаратистік аймағын жалғайтын жол ашуға тырысады деп санайды.

XS
SM
MD
LG