"Кешенді сот-психиатриалық және психологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, әйелдің психикалық аурумен ауыратыны анықталды. Оның мұндай жағдайы тергеу кезінде сұрақтарға шынайы жауап бере алмауы себеп болды", - деді баспасөз хатшысы.
Биыл 28 қаңтарда Ташкент зообағында әйел үш жастағы қызын аюдың апанына лақтырып жіберген. Зообақ қызметкерлері аю қыздың жанына келіп, бірақ тиіспей кетіп қалғанын айтқан. "Қыз жануардың азуынан емес, бес метр биіктіктен құлағаннан зардап шеккен", - деген.
Бұл оқиғадан кейін қыздың анасына қарсы қылмыстық іс қозғалған.
Қыздың 31 жастағы анасы Ташкенттегі жоғары оқу орындарының бірінші оқытушы болып істеген. Тергеу мәліметіне қарағанда, ол 2021 жылдың шілде айынан бері психиатриалық диспансерде тіркеуде тұрады.