Ссылки доступа

Қырғызстанның Ұлттық банкі 5,4 млн доллар сатып алды


Ұлттық банк 30 наурызда ақша айырбастау бағамын реттеу үшін 5,4 млн. доллар сатып алып, интервенция жасады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Бас қаржы мекемесінің мәліметіне қарағанда, валюталар бағамының динамикасы ішкі валюта нарығындағы сұраныстың негізінде анықталады.

Қырғызстанда доллар арзандап жатыр. Соңғы бір күн ішінде 6,73% төмендеген.

29 наурызда бір доллар бағамы 94,2 сом болса, 30 наурызда 87,9 сомға түсті. Еуроның да бағамы төмендеген.

Соңғы екі жылда 85 сом шамасында тұрақты болып тұрған доллар 24 ақпанда Ресей Украинаға қарсы соғыс ашқаннан кейін бірден көтерілді. Екі апта ішінде 20 сомға өсіп, 106 сомға жетті.

Доллар қымбаттаған соң, азық-түлік бағасы да бірден өсіп кетті.

XS
SM
MD
LG