Ссылки доступа

AI: Өзбекстан - сөз бостандығы шектелген ел


Өзбекстан сөз бостандығы, бейбіт шерулер мен қауымдастықтар қатты шектелген ел болып қала береді. Amnesty International ұйымының 2021 жылға арналған жаңа есебінде осылай делінген.

Ұйым баяндамасында мақта теру науқаны кезінде мәжбүрлі еңбекті қолдануға, азаптауға қарсы бірқатар шаралар қабылданы айтылған. Алайда Өзбекстанда адамдарды азаптау әлі күнге дейін қолданылады, делінген есепте.

Amnesty International мәліметінше, қазір республикадағы түрмелерде отырған кем дегенде 2 мың адам діни айыптаулармен сотталған.

Ұйым есебінде жаңа Қылмыс кодексінде "президенттің ар-ұжданы" жөнінде бап енгізілгені айтылған. Мемлекет басшысын балағаттағандар бес жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Адам құқықтарын қорғаушылардың пікірінше, бұл бап тәуелсіз журналистер мен блогерлерді қудалауға қолданылуы мүмкін.

Халықаралық БАҚ Өзбекстанда сайлау өткен жылы сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігі шектелгенін хабарлады.

Былтыр мамыр айында блогер Отабек Саттори "жала жабу, ақша бопсалау" айыптарымен 6,5 жылға сотталса, блогер Валиджон Калонов "президенттің ар-ұжданына тиді" деген айыппен түрмеге түсті. Калонов 2021 жылғы тамызда президент сайлауына бойкот жариялауға үндегені үшін де қудаланған.

2021 жылғы мамырда полиция бөліміне жеткізілген екі күдікті шілдеде азаптау салдарынан қайтыс болды, делінген есепте. Алайда ІІМ тексеру жүргізгенін, азаптау дерегі анықталмағанын хабарлаған.

Amnesty International есебінде гомосексуализм Өзбекстанның қылмыс кодексінде әлі күнге дейін қылмысқа жататыны айтылған.

Мәліметтерге қарағанда, ішкі істер министрлігі былтыр Qalampir.uz басылымына берген жауабында өзбек түрмелерінде гомосексуализм айыбымен сотталған 49 адам отырғанын хабарлаған. Өзбекстанда 2016-2020 жылдары осы айыппен 44 адам сотталған.

XS
SM
MD
LG