Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметінің бұрынғы басшысы Әбділ Сегізбаев терегеу абақтысынан үйқамаққа шықты


Абдиль Сегизбаев.
Абдиль Сегизбаев.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Әбділ Сегізбаев тергеу изоляторынан үйқамаққа шықты.

Бішкек қаласы 1-май аудандық сотының хабарлауынша, мемлекеттік комитеттің бұрынғы басшысы қызмет бабын асыра пайдаланған деп танылған. Оған 4 млн сом айыппұл салынды. Сегізбаев оны төлеп болғанша ұйқамақта отырады.

Арнайы қызмет бұл мәліметке қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

Сегізбаевтың адвокаты наурыз айының аяғында экс-шенеунік денсаулығына байланысты үйқамаққа ауысу туралы өтініш өткізуге дайындалғанын хабарлады. Оның ісік ауруына шалдыққаны анықталған. 2021 жылғы оны комитетке қарасты ауруханаға ауыстырған. Бас прокуратура Сегізбаевтың үстінен алты бірдей тергеу жүріп жатқанын жариялады.

Сегізбаевтың өзі мен туыстары оның ұсталуының саяси астары екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG