Ссылки доступа

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы зекет мөлшерін жариялады


Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы 2 сәуірде басталған ораза кезіндегі зекет мөлшерін жариялады.

Пітір-садақа екі келі астық (10 мың сум), төрт келі арпа (16 мың сум), 2 келі кептірілген жүзім (100 мың сум) және төрт келі құрма (160 мың сум) мөлшерінде белгіленді.

Діни басқармадағылардың айтуынша, пітір беруге ниеттенген әрбір адам мүмкіндігіне орай осы төрт өнімнің бірін таңдаса болады.

Мәліметте Ташкенттегі бағалар көрсетілген. Әрбір облыс пітір мөлшерін аймақтағы бағаға қарай анықтайды.

Пітір-садақа — мұсылмандардың қасиетті мерекесі кезінде мұқтаж жандарға өз мүлкінен бөліп беру.

XS
SM
MD
LG