Ссылки доступа

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы шахтасында тағы бір адам қаза тапты 


Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі "Костенко" атындағы шахтада 36 жастағы жұмысшы қаза тапты.

Ақпаратқа қарағанда, "Углеспецмонтаж" кәсіпорнының жұмысшысы 2 сәуірде кенде жұмыс істеп жатып, қатты жарақат алып көз жұмған. Компания оқиғаны "оқыстан болған қайғылы оқиға" деп атады.

Бұл оқиға бойынша арнайы комиссия құрылып, тергеу ісі басталған.

Биыл ақпан айында аталған кәсіпорынның ондаған жұмысшысы кендегі жабдықтарды демонтаж жасаудан бас тартқан.

Бұл 2022 жыл басталғаннан бері "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі шахтада адам өмірі қиылған үшінші оқиға болды.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 30 мың адам шахтада істейді. Олардың 9 мыңы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі кәсіпорындарда істейді.

XS
SM
MD
LG